"Қоғамдық орында шалбарын шешкен": Астанада 68 жастағы ер адам жауапқа тартылды

Келеңсіз жайт елордадағы әкімшілік ғимараттардың бірінің фронт-офисінде тіркелген.  

"Қоғамдық орында шалбарын шешкен": Астанада 68 жастағы ер адам жауапқа тартылды Фото: polisia.kz/Видеодан скриншот

Онда ер адам металл іздегіш рамкадан өту кезінде көпшілік алдында шалбарын шешіп жіберген, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Полиция қызметкерлері ер адамның кім екенін анықтаған.

– Оның Өскемен қаласының тұрғыны, 68 жастағы Ризабек Жұмағалиев екені белгілі болды. Өз әрекетімен ол айналасындағыларға анық құрметсіздік танытып, қоғамдық орында жалпыға ортақ мінез-құлық нормаларын бұзған.

Аталған ер адам ұсақ бұзақылық фактісі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Іс материалдары сотқа жолданды, – деп жазды Polisia.kz сайты.

Полиция қоғамдық орындарда мінез-құлық нормаларын әдейі елемеуге және айналасындағыларға құрметсіздік танытуға жол берілмейтінін, мұндай әрекеттер заңда көзделген жауаптылыққа әкеп соқтыратынын ескертеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу