Енді тәртіп бұзсаңыз, қалтаңыз жұқарып қалуы мүмкін

402

Бүгіннен бастап елімізде айлық есептік көрсеткіш 3 932 теңге болып бекітілді. Өткен жылы 3 692 теңге болған еді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Енді тәртіп бұзсаңыз, қалтаңыз жұқарып қалуы мүмкін Фото: Колеса

Ал қоғамдық орындарда тәртіп бұзған азаматтарға салынатын айыппұлдың мөлшері дәл осы АЕК-ке байланысты. Демек, тәртіп бұзып, айыппұл арқаласаңыз бұл отбасылық бюджетіңізге айтарлықтай салмақ салатыны сөзсіз.

Сондықтан да тәртіп бұзып, айыппұл арқаламас үшін оқырман назарына қандай жағдайда қанша қаржыдан қағылатынын ұсынамыз:

  • Рәміздерді қорлау – 11 796 000 теңге;
  • подьезге кіреберісте не пәтердің есігінің алдына қоқыс салынған дорбаны қалдыру – 78 640 теңге;
  • кешкі сағат 22-00-ден кейін шулап, елдің тыныштығын алу – 19 660 теңге;
  • қоғамдық орында түкіру – 19 660 теңге;
  • көлікте отырып телефон пайдалану не қауіпсіздік белбеуін тақпау – 19 660 теңге;
  • құжатсыз көлік жүргізу – 78 640 теңге;
  • автобуста жолақы төлемеу – 7 864 теңге;
  • кәмелетке толмаған жасөспірімнің түнгі 22-00-ден кейін ойын-сауық мекемелерінде жүруі – 11 796 теңге;
  • жолды белгіленбеген жерден қиып өту – 7 864 теңге;
  • көлік жылдамдығын асыру – 19 660 теңгеден 117 960 теңгеге дейін;
  • қоғамдық орында балағат сөз айту – 78 640 теңге;
  • мұғалімді не дәрігерді балағаттау – 39 320 теңге.
  • қоғамдық орында ішімдік ішу не масаң күйде жүру – 19 660 теңге;
  • кәмелетке толмағандарға темекі өнімдерін сату – 58 980 теңгеден 393 200 теңгеге дейін;
  • жала жабу – 629 120 теңге;
  • жеке деректерді заңсыз жинау және өңдеу – 39 320 теңгеден 275 240 теңге;
  • қасақана жалған жарнама жасау – 393 200 теңгеден 3 932 000 теңгеге дейін;
  • блогерлікпен жалған ақпарат тарату – 117 960 теңгеден 393 200 теңгеге дейін;
  • төлқұжатты немесе жеке куәлікті кепілзат ретінде алу – 19 660 теңге;
  • қоғамдық орында жабысу (сауда жасау, қайыр тілеу, бал ашу) – 19 660 теңге.
Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу