Бұл туралы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитеті бастығының орынбасары Азамат Құрымбаев мәлімдеді, деп жазады inbusiness.kz.
Айыппұл мөлшері биыл 3 қаңтарда Президент қол қойған экологиялық құқық бұзушылықтар мен вандализм үшін жауапкершілікті күшейту туралы түзетуде қарастырылған.
"Жаңа редакцияда қоғамдық орындарда бейәдеп сөйлеу, жеке тұлғаларды балағаттап, қорлау, ғимараттарға, тұрғын үй-жайларға, қоғамдық орындардағы, көліктегі мүлікке зақым келтіру - ұсақ бұзақылық деп танылады. Қазіргі уақытта ұсақ бұзақылық үшін 5 АЕК, яғни 17 250 теңге мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынады немесе 15 тәулікке дейін қамауға алу түріндегі жауапкершілік қарастырылған. Ал жаңа редакцияда айыппұл 20 АЕК, яғни 69 000 теңге немесе 5 күннен 30 тәулікке дейін қамауға алу көзделген", - дейді Азамат Кұрымбаев.