"Қоғамдық пікір": Сайлау кезінде ешқандай заңбұзушылық тіркелген жоқ

747

Сайлаушылар тарапынан ешқандай шағым жоқ.  

"Қоғамдық пікір": Сайлау кезінде ешқандай заңбұзушылық тіркелген жоқ  Фото: egemen.kz

Алматы қаласы бойынша Президент сайлауынан хабар тарату жөніндегі баспасөз орталығы алаңында "Қоғамдық пікір" қоғамдық қоры өкілдері -  Independ.kz ақпараттық порталының иесі Рафаэль Гасанов, ХБК корпоративтік және әлеуметтік даму жөніндегі проректоры Диана Малаева және журналист, блогер Мақсат Мамадияровтың қатысуымен сайлауды бақылау жөнінде баспасөз мәслихаты өтті, деп жазады inbusiness.kz.

"Біз таңғы 6-дан бастап жұмыс істеп жатырмыз, 531 учаскені қамтыдық. Биылғы сайлауды бақылауға жастардың өте көп бөлігі белсенді қатысты", - деді Рафаэль Гасанов.

Ол осы сағатқа дейін "Қоғамдық пікір" қоғамдық қоры бақылаушыларының мәліметі бойынша ешқандай заң бұзушылық тіркелмегенін айтты. Сұрақтар туындаған жағдайда бақылаушылар дереу ұйымның штаб-пәтеріне баяндайды.

Дауыс беруге келушілерге қатысты Диана Малаеваның айтуынша, алматылықтар түске қарай белсенділік таныта бастады.

Рафаэль Гасанов сайлау учаскелерінде жиі кездесетін мәселелердің бірін атады: ол тіркелген орны бойынша тіркеуден шығу туралы талон алмаған күйі Алматыдағы сайлау учаскесіне келген адамдарға қатысты.

"Әрине, әртүрлі жағдайлар бар және олардың әрқайсысымен айналысу керек. Кез келген адам бірдеңе түсінбей жатса, сайлау учаскесіне барып, біле  алады, сол жерде барлығы түсіндіріледі", - деді спикер.

Сондай-ақ ол көші-қонның өте жоғары екенін, Алматыда тіркелмей жүргендердің көп екенін айтты. Рафаэль Гасанов кешкі баспасөз мәслихатында есептен шығару куәліктеріне қатысты қанша жағдай тіркелгенін жариялауға уәде берді.

"Егер қарапайым сайлаушының портреті туралы айтатын болсақ, онда дауыс беруге орта және егде жастағы адамдар көбірек келеді", - деді Р.Гасанов.

Диана Малаева дауыс беруге алғашқы болып егде жастағы адамдар келетінін, ал  жастардың, отбасылық жұптардың сағат 11-12-ден кейін келетінін айтты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу