Қоғамдық тамақтану орындары қызметін жалғастырады

1059

Оның ішінде ашық алаңда орналасқан мекемелерге ғана рұқсат етіледі.

Қоғамдық тамақтану орындары қызметін жалғастырады Фото: Мария Матвиенко

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингтке Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов мәлім етті. 

"Күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып ашық алаңда орналасқан қоғамдық тамақтану нысандары, үздіксіз өндірістік айналымы бар құрылыс, өнеркәсіп кәсіпорындары, ашық алаңда орналасқан құрылыс жұмыстары, ауыл шаруашылығы, балық шаруашылығы және мал шаруашылығы жұмыстары мен халыққа қызмет көрсету салалары қызметін жалғастырады. Бұған қоса, уақыт бойынша шектеу енгізумен авто жуу, автомобильдерді және тұрмыстық техниканы жөндеу, ХҚКО-лар, екінші деңгейлі банктер жұмыс істей береді", – деді Премьер-министрдің орынбасары. 

Құралай Құдайберген 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу