Қоғамдық тәртіпті 417 мың бейнекамера бақылайды

1135

Жыл басынан бері бейнебақылау камераларының көмегімен 3,5 мыңнан астам қылмыс ашылып, 1 млн-нан астам әкімшілік құқық бұзушылықтың жолы кесілді.  Бұл туралы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев халыққа есеп беру кездесуінде айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz. 

Қоғамдық тәртіпті 417 мың бейнекамера бақылайды

Министрдің мәлімдеуінше, полиция ел азаматтарының қауіпсіздігі мен қоғамдық тәртіпті сақтау үшін ақпараттық-технологияға жүгініп отыр.

"Көшелер мен қиылыстарды, тұрғын үйлердің аулалары мен кіреберістерін, сауда нысандары мен көңіл көтеру орындарын 417 мың бейнекамера бақылайды. 104 мың камерадан алынған сурет жедел басқару орталықтарында сарапталып отырады", – деді Ерлан Тұрғымбаев.

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу