Қоғамдық жайылымдар мемлекетке қайтарылды

150

Батыс Қазақстан облысында кезінде заңсыз берілген 4750 гектар жайылым жер мемлекет меншігіне өтті.    

Қоғамдық жайылымдар мемлекетке қайтарылды Фото: world-nan.kz

Тексеру жұмыстарын ҚР АШМ ЖРБК жер ресурстарын басқару департаменті жүргізген, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Тексеру барысында Қазталов ауданы әкімі аппараты мен аудандық жер қатынастары бөлімінің бірқатар заң бұзушылықтарға жол берген. 8 ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативіне Қазақстан Республикасының Жер кодексінің нормалары сақталмай, жер учаскелері заңсыз берілген. Бұл алқаптар – халықтың ортақ пайдалануға арналған шөп шабындықтары мен жайылымдары.

Жер кодексінің 26-бабының 3-тармағына және "Жайылымдар туралы" Заңына сәйкес, мұндай жерлер жеке меншікке немесе жекеше жер пайдалану құқығына берілмейді, тек қана халықтың қажеттілігі үшін пайдаланылуы тиіс.

Анықталған заңбұзушылықтар бойынша басқармамен бұзушылықтарды жою туралы ұйғарым шығарылып, орындалды.

Жерді мемлекет меншігіне қайтару қоғамдық жайылымдардың мәртебесін қалпына келтірді және жергілікті тұрғындарға ауыл шаруашылығы жануарларын ұстау үшін өмірлік маңызды жерлерге қолжетімділікті қамтамасыз етті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу