Шымкент тұрғыны ауыл ішіндегі жайылым жерде қой бағып жүріп жарылғыш затқа ұқсат зат тауып алған. 41 жастағы азамат бұл затты ұстап көрмеген екен. Мамандар егер ер кісі оны ұстаса, жарылып кетуі мүмкін еді дейді. Қойшы дереу полицияға хабарлапты.
"Аталған хабарлама бойынша Еңбекші АПБ-ның полиция қызметкерлері шақырту болған жерге шұғыл барды. Тексеру барысында тәртіп сақшыларымен қара түсті граната анықталып, аумақ қоршауға алынып, жарылғыш зат залалсыздандырылды", - деді Шымкент қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметіндегілер.
Алайда әзірге гранатаны ауыл ішіне кім және қалай әкелгені белгісіз. Оны тәртіп сақшылары анықтайтын болады.
Жансая Тәуекелқызы