Қой еті 15%-ға қымбаттады

1171

Елде ет тұтыну көрсеткіші төмендеді.   

Қой еті 15%-ға қымбаттады

Биылғы жылдың сегіз айының (қаңтар-тамыз) қорытындысы бойынша елімізде ет бағасы өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 7,4%-ға өсті, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі energyprom.kz-ке сілтеме жасап.

Бағаның ең үлкен өсімі қой етіне қатысты болды бірден 14,9%.  Жылқы етінің бағасы жылына 9,4%, сиыр еті 7,8% және шошқа еті 7,4%-ға өсті. Құс еті "қызыл" етпен салыстырғанда 3,2%-ға қымбаттады. 

Биылғы жылдың тамызында дүкендер мен базарларда сүйегі бар сиыр етінің әр келісі орташа есеппен 2,2 мың теңге болды. 

Сүйегі бар жылқы еті орташа есеппен 2,5 мың теңге, шошқа еті 1,8 мың теңге, қой еті 2,4 мың теңге, тауық еті келісі үшін 1,02 мың теңгеден бағаланды. 

Қаңтар-тамызында ірі қара, шошқа, қой, ешкі, жылқы және жылқының салқындатылған етін өндіру көлемі 43 мың тоннаны құрады, алайда бұл 2020 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 4,6%-ға аз.

Құс еті өндірісінің сегментінде жағдай жақсы. Мұнда салқындатылған ет өндіру жылына 4,3%-ға, 71,6 мың тоннаға дейін, ал мұздатылған ет өндіру бірден 13,2%-ға, 86,1 мың тоннаға дейін өсті.

Етті тұтынуға келетін болсақ, айта кету керек. Сектордағы бағаның өсуімен көрсеткіштер барлық позициялар бойынша дерлік төмендеді. Мәселен, биылғы жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша республикада қой етін тұтыну өткен жылмен салыстырғанда жан басына шаққанда орташа есеппен 10,6%-ға, 2,5 келіге дейін, тауық еті 4,4%-ға, 2,2 келіге дейін, жылқы етін тұтыну   3,6%-ға, 3 келіге дейін, шошқа еті 2,7%-ға, 1,7 келіге дейін төмендеді. Бұл ретте қазақстандықтар арасында ең сұранысқа ие ет сиыр етін тұтыну, жан басына шаққанда орташа есеппен 11,8 келіге дейін 0,9%-ға өсті.
 
Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу