Елімізде әлеуметтік маңызы бар азық-түліктер тізіміне өзгеріс енгізілді. Бұл жарлық ресми түрде жарияланып та үлгірді. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 1 наурыздағы № 145 Қаулысына сәйкес, әлеуметтік маңызы бар азық-түліктердің тізбесінен қой еті, шай, тағы бірқатар өнімдер түсіп қалған.
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесі
Ескерту. Тізбе жаңа редакцияда – үкіметтің 27.03.2017 №137 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік 10 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Бірінші сортты бидай ұны
Бірінші сортты ұннан жасалған бидай наны (пішінді)
Рожки (өлшеніп салынатын)
Қарақұмық жармасы (дән, өлшеніп салынатын)
Тазартылған күріш (домалақ дәнді, өлшеніп салынатын)
Картоп
Сәбіз
Басты пияз
Ақ қауданды қырыққабат
Ақ қант – құмшекер
Күнбағыс майы
Сиыр еті (сүйекті жауырын-төс бөлігі)
Тауық еті (сан сүйек және іргелес жұмсақ еті бар сан жілік)
Пастерленген сүт, майлылығы 2,5%, жұмсақ қаптамада
Майлылығы 2,5% айран, жұмсақ қаптамада
Сары май (тұздалмаған, майлылығы кемінде 72,5%, толықтырғыштар және өсімдік майлары жоқ)
Тауық жұмыртқасы (I санатты)
Ac тұзы ("Экстра" -дан басқа)
Сүзбе: майлылығы 5-9%
Бұрын осы тізімде қой еті, қызылша, түйіршіктелген қара шай, ірімшік, вермишель, лапша, арпа, бидай, сұлы жармалары кіретін.
Қаулы алғаш жарияланған күнінен бастап, 10 күн өткеннен кейін өз күшіне енеді.