Қой шаруашылығын қолға алған келіншектің кәсібі өрге басып келеді

1395

Мөлдір Байсақалованың айтуынша, ол ауыл шаруашылығын қолдау қорынан 10 млн теңге несие алып, "Диас" шаруа қожалығын ашқан.

Қой шаруашылығын қолға алған келіншектің кәсібі өрге басып келеді

Жамбыл облысында қой бағуды кәсіп еткен келіншектің қорасы қойға толып келеді. Мөлдір Байсақалованың айтуынша, ол ауыл шаруашылығын қолдау қорынан 10 млн теңге несие алып, "Диас" шаруа қожалығын ашқан.

Қазір мал басы 260 қойға жетіпті.

"Мен кәсіп бастамас бұрын әбден ойланып, отбасыммен ақылдаса келе, ең тиімді, ыңғайлысы қой шаруашылығы деп шештім. Әуелі "Бастау бизнес" жобасы бойынша дәріс алып, кәсіпкерліктің қыр-сырын меңгердім. Содан соң бизнес-жоспар жасап, оны қорғап, несиеге қол жеткіздім. Екі апта ішінде 6 пайыз өсімдік несием рәсімделіп, шілде айында қаражатым қолыма тиді", – дейді жас фермер.

Мөлдір Асылбекқызының сөзіне қарағанда, шаруашылық әзірге "Меркі ет зауыты" және "Оңтүстік халал өнімдері" ЖШС-мен саулықтардың төлдерін өткізу үшін келісімшарт жасаған.

"Жұбайым екеуіміз шаруашылық басындамыз. Тағы бір жұмысшы алып, айлық жалақысын уақтылы төлеп тұрмыз. Осы кәсібімді жүргізіп алсам, басқа жобаларды қолға алу да ойымда бар",– дейді қойшы келіншек.

Әсел Мұратбекқызы

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу