Қой терісінің экспортына салынатын баж салығы алынып тасталды

529

Елімізде ауыл шаруашылығы саласын қаржыландыру көлемі артпақ.

Қой терісінің экспортына салынатын баж салығы алынып тасталды Фото: Ашық дереккөзден

Тұралап қалған тері мен жүн өңдеу саласының негізгі міндеттері  Индустрия министрлігінен Ауыл шаруашылығына берілді. Бүгін Үкімет сағатында ведомство басшысы Ербол Қарашөкеев тығырыққа тірелген жүн мен тері өңдеу секторындағы негізгі мәселелер қалай шешілетінін айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Мәселен, бұған дейін 1 тонна қой терісінің экспорты үшін 200 еуро баж  салығы салынып келген. Қазір, министрлік қой-ешкі бойынша экспорттық бажды толығымен алып тастаған. Ал, ірі қара мал терісінен өңделген былғары тасымалына салынатын салық 100 еуроға дейін төмендеді.  Министр қазір шикізат өңдейтін кәсіпорындар құру үшін жаңа бастамалар қолға алынып жатыр, - дейді.

"Субсидиялау жүйесінде жаңа ереже жасадық. Ол ереже бойынша өңдеу зауыттары соғылатын болса 25 пайыздық инвестициялық субсидия төлеу қарастырылып жатыр. Осы ережелерді маусым айының ағына дейін іске еніп, соғылған және жаңартылған зауыттардың барлығына субсидия төленеді", - деді ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев.

Айта кетейік, елімізде небәрі 9 тері өңдейтін кәсіпорын жұмыс істеп тұр. Былтыр, Қазақстан бойынша 3,4 млн ірі қара мал терісі жиналса, оның 14 пайызы ғана өңделген. Осылайша, шикізаттың 81 пайызы саудаланбай қалған. Ал, қой-ешкі терісіне сұраныс мүлде болмай, күресінге тасталыпты. Министр алдағы уақытта жалпы қуаты 12 мың тонна болатын 3 бірдей желатин шығаратын зауыт іске қосылады,- дейді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу