Қой жүнінен жылу оқшаулағыш материалдар өндірілмек

630

Ақтөбе облысының әкімі Ералы Тоғжанов "КazFeltec" ЖШС құрылтайшысы Әсет Тілеуовпен және итальяндық "Cormatex" компаниясының өкілі Люка Куерчимен іскерлік кездесу өткізді. 

Қой жүнінен жылу оқшаулағыш материалдар өндірілмек

Кездесу барысында кәсіпорындар Ақтөбеде үй мен басқа да құрылыстарды жылыту үшін қой жүнінен жылу оқшаулағыш материалдар өндіретін зауыт салу және іске қосу бойынша консорциум құру туралы келісімге қол қойды, деп жазады inbusiness.kz Қазақстан Республикасы президенті жанындағы орталық коммуникациялар қызметінің ақпаратына сүйеніп.

Құрылыс материалдары қылшық жүннен жасалады, қазіргі таңда басым бөлігі оны өңдейтін кәсіпорындардың болмауына байланысты Ақтөбе облысында жыл сайын 3,5 мың тонна ірі жүн сұранысқа ие болмай қалады.

Облыс әкімі жобаға оң баға беріп, жергілікті атқарушы органдардың оны іске асыруға, соның ішінде шикізат сатып алу мәселелері бойынша жәрдемдесетіндігіне уәде берді.

"Әрбір ауданда жинақтау пункттерін ашу мүмкіндігі қаралатын болады. Сатып алуды жүйелеу қажет. Басымдық  жергілікті тұрғындардан сатып алуға беріледі", - деді Е. Тоғжанов.

Инвестициялардың жалпы көлемі 10 млн. еуроны құрайды. Құрылысқа дайындық 41-ші разъезд ауданында басталды. Дайын өнімнің алғашқы партиясын 2023 жылдың күзінде шығару жоспарлануда. Өндіріс іске қосылғаннан кейін бүкіл облыс бойынша шикізат қабылдау пункттерін есептемегенде, зауыттың өзінде 20-дан астам жаңа тұрақты жұмыс орындары құрылатын болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу