Қойды шанамен сырғанатқандар кешірім сұрады

Желі қолданушылары мұны мазақ деп санап, кінәлілерді жазалауды сұраған болатын. 

Қойды шанамен сырғанатқандар кешірім сұрады Фото: бейнеден скриншот

Көп уақыт өтпей-ақ, Маңғыстау облысының полиция департаменті қой иесінің кешірім сұраған видеосын жариялады, деп жазды inbusiness.kz сайты.

Әлеуметтік желіде белгісіз біреулердің қойды шанамен сырғанатқан бейнежазбасы тараған еді. Оқиға Ақтауда болған. Видеодан шанаға тиелген жануардың қатты жыдамдықпен құлағанын байқау қиын емес. Ұзақ уақыт өтпей жатып, қойды шанаға салып сырғанағандар анықталды.

– Біз қойды жарнамалау мақсатында видео түсірген едік. Сол жерде қойды бір адамға сыйламақ болдық. Қойдың жағдайы жақсы, ешқандай жарақат алған жоқ. Оны қорлау ойымызда болған жоқ. Маңғыстау халқынан кешірім сұраймыз және мұндай жағдай енді қайталанбайды деп уәде береміз, – дейді ер адам видеода.

Осы арада желі қолданушылары тағы қырағылық танытты. Олар шанада отырып, сырғанаған адам мен видеодағы кешірім сұраған адамның мүлдем сәйкес келмейтінін айтады.

"Бұл сырғанамаса, неге кешірім сұрап отыр" десті жұрт. Кейбір желі қолданушысы "Мен бұл баланы танимын, өте тәртіпті азамат. Видеодағы басқа адам" деп пікір қалдырған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу