Танымал продюсер Баян Мақсатқызы жаңа туған екі қызына қандай күтім жасап жатқанымен бөлісті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Продюсер желіде қыздарының суретін көрсетіп, бала күтіміне қатысты оқырмандарының сұрақтарына жауап берді.
“Қырқынан шықпады ғой. Әсіресе балаға сыртқа шығуға болмайды ғой қазақ ырымында" деген оқырман пікірін жауапсыз қалдырмады.
“Қойдың майын жағып үйде отыра беріңіз", – деп жауап берді Баян Мақсатқызы.
Одан кейін продюсер расында бала күтімінде қойдың майын қолданатынын айтты.
“Айтпақшы, қойдың майын жағып жатырмын. Бірақ күніне екі рет далаға шығамыз", – деп жазды ол әлеуметтік желідегі парақшасында.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу