Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгіновтің мәлімдеуінше, қоймалардағы азық-түлік қоры 1 айға толық жетеді.
"Қазіргі уақытта қаладағы сауда желілерінің қоймаларында 47 мың тонна әлеуметтік маңызы зор азық-түлік бар. Бұл қазіргі айлық норманы толықтай жабады. Айлық норма - 38 мың тонна. Қоймаларды азық-түлік тауарларымен қосымша толықтырамыз", – деді шаһар басшысы.
Бұдан кейін ол Нұр-Сұлтан қаласына алдағы уақытта тағы 1 млн маска мен антисептик жеткізілетінін жариялады.
"Кеше елордаға 400 мыңға жуық маска жеткізілді. Бір аптаның ішінде тағы 1 млн маска мен антисептик әкелінеді", – деді Алтай Көлгінов.
Қанат Махамбет
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу