Қоймаларда коронавирусты емдеуге арналған 2,6 млрд теңгенің дәрі-дәрмегі бар

861

"СК-Фармация" ЖШС бір аптада 1,5 млрд теңгеге дәрі-дәрмек жеткізген.  

Қоймаларда коронавирусты емдеуге арналған 2,6 млрд теңгенің дәрі-дәрмегі бар

Еліміздегі дәрі-дәрмектің бірыңғай дистрибьюторы "СК-Фармация" ЖШС басқарма төрағасы Берік Шәріп сұраныстың өсуіне байланысты, дәрі-дәрмекті жеткізу көлемі де артып келе жатқанын айтты.

"Жылдың басынан бері COVID-19 індетіне қарсы қабылданатын дәрі-дәрмектер медициналық мекемелердің сұранысына байланысыт 7,4 млрд теңгеге жеткізілді. Қазіргі кезде індеттің кең таралып, науқастар санының артуына байланысты дәрі-дәрмектерді жеткізу көлемі де өсіп жатыр. Мысалы, өткен бір апта ішінде 974 млн теңгеге дәрі-дәрмек жеткізсек, соңғы аптада 1,5 млрд теңгеге қажетті дәрілермен қамтамасыз еттік. Қазір қоймаларда коронавирус індетін емдеуге арналған 2,6 млрд теңгеге дәрі-дәрмек бар. Сонымен қатар, медициналық мекемелерден қосымша тапсырыстар түсіп жатыр. Дәрі-дәрмектерді тез арада жеткізуге дайынбыз", – деді ол.

Берік Шәріптің айтуынша, Денсаулық сақтау министрлігінің бұйрығы бойынша амбулаторлық деңгейде пневмонияны емдейтін ересектерге арналған кейбір препараттар мен балаларға арналған дене қызуын түсіретін дәрілер тегін беріледі.

Айта кетсек, "СК-Фармация" ЖШС елдегі медициналық ұйымдарды дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етеді.

Нұржан Көшкін

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу