Еліміздегі қоймалардағы су көлемін бақылауға Финляндия көмектесетін болды. Ол үшін бөгендерде арнайы датчиктер орналастырылады.
Құрылғылар судың көбеюін есептеп, автоматты түрде артық көлемді ағызып тұруы тиіс. Әзірге жобаға қатысты қос тараптың су ресурстары министрлігі келіссөздер жүргізіп жатыр. Сондай-ақ қазақстандық гидролог студенттер Финляндияда білімін жетілдіретін қос диплом бағдарламасы қабылданды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу