Қазақстандық блогер Біржан Әубәкіров қошқармен Астананың сауда орталықтарын аралаған, деп хабарлайды inbusiness.kz.
Блогер видеоны Instagram парақшасында жариялаған.
Оқиғаның мән-жайын елордалық полицияның баспасөз қызметі хабарлады.
"2023 жылдың 24 қазанында 25 жастағы астаналық блогер әлеуметтік желілер арқылы жұрттың назарын аударғысы келіп, "Азия Парк" сауда орталығында тірі қоймен қыдырып, тіпті қоғамдық көлікті пайдаланбақ болған", делінген қалалық ПД хабарламасында.
Ведомствода атап өткендей, оның әрекеті қоғамдық тәртіпті бұзуға әкеп соққан.
"Ер адам ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы "Ұсақ бұзақылық" бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 5 тәулікке әкімшілік қамауға алынды. Сонымен қатар қоғамдық орынды ластағаны үшін оған 5 АЕК көлемінде айыппұл салынды. Сондай-ақ, ӘҚБтК-нің 407-1-бабының 1-бөлігімен жануарларға қатыгездік жасағаны үшін жауапкершілікке тартылды", деп қосты полиция департаменті.