"Көк кит" ойынына қарсы "Мен өмірді таңдаймын!" акциясы басталды

1135

"Көк кит" ойынына қарсы "Мен өмірді таңдаймын!" акциясы басталды

Петропавлда мектеп оқушысы суицидке итермелейтін ойынның құрбаны бола жаздады. Прокурорлар ол "Синий кит" ойынын ойнап, өз-өзіне қол жұмсамақ болғанын айтты деп хабарлайды Астана арнасы.

"Мен ойынға қатысқым келеді, мен ойындамын, мені 4:20-да оят"

Бұл "Синий кит" деген өлімге қадам жасайтын ойынның белгілерін білдіретін сөздер. Петропавлда "китпен" ойнаған 16 жасар жеткіншек "Тихий дом" деп аталатын топтың жетекшісі берген тапсырманы 50 күн бойы орындап, ақырында өмірмен қоштасуға бел буған. Абырой болғанда, дәрігерлер бойжеткенді ажалдан құтқарып қалды. Қазір ол психоневрологиялық диспансерде.

"Біз былтыр бас прокуратура арқылы жастарды суицидке итермелейтін 41 сайтты жауып тастадық. Биыл бес сайттың жұмыс істеуіне тосқауыл қойдық. Мұндай әлеуметтік контенттерді анықтауда еріктілер жұмылдырылды. Қазір арам пиғылды сайттарды анықтауда белсенді жұмыс істеп жатырмыз", - дейді СҚО прокурорының аға көмекшісі Раушан Кожахметова.

Астанада бұл ойынның құрбандары жоқ. Білім басқармасы осылай деп отыр. Бірақ, елордада "Мен өмірді таңдаймын!" акциясы басталып кетті. Барлық мектепте ойыннан аулақ болу ескертіледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу