"Көк" статусы бар адамдарға шектеу азайтылды

1287

"Көк" мәртебесі бар адамдар халыққа қызмет көрсету орталықтарына, пошталарға, базарларға бара алады, деп хабарлады Денсаулық сақтау министрі Ажар Гиният.

"Көк" статусы бар адамдарға шектеу азайтылды

"Көк" мәртебесі барлар қонақ үйлерге, әуежайларға, теміржол, автовокзалдарға, ХҚКО-ларға, "Қазпошта" АҚ бөлімшелеріне, банктерге, қоғамдық тамақтану объектілеріне, жабық базарларға, білім беру орталықтарына, СПА-орталықтарға, сұлулық салондарына, облысаралық, облысішілік, қалалық тасымалдарға шектеусіз кіруге жол беріледі", – деді Гиният сейсенбі күні үкімет отырысында.

Оның айтуынша, барлық аймақта барлық нысанға жұмыс уақыты бойынша шектеулер алынып тасталады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу