"Көк Төбе" саябағында жаяу жүргіншілерге арналған денсаулық жолы салынады

741

Алматы қаласында "Халық қатысатын бюджет" бағдарламасы бойынша 19 жоба іске асырылды. 

"Көк Төбе" саябағында жаяу жүргіншілерге арналған денсаулық жолы салынады Фото: weatlas.com

Бүгін Медеу ауданы тұрғындарымен кездесу барысында Алматы әкімі Ерболат  Досаев, аудандағы абаттандыру шараларына қатысты атқарылған шаруаларды атап, жоспарлармен бөлісті, деп жазады inbusiness.kz Алматы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"Халық қатысатын бюджет" бағдарламасы бойынша келесі жылы атқарылатын шаруалар дауыс беру арқылы анықталды. Оған сәйкес, 170 ұсыныстың ішінен 30 жоба іріктелді. Атап айтқанда аула аумақтарын жөндеу бойынша 12 ұсыныс, қоғамдық кеңістікті абаттандыру бойынша 11, тереңдетілген қоқыс жәшіктерін орнату бойынша 7 ұсыныс қолдау тапты. 

Ерболат Досаевтың дерегінше, ағымдағы жөндеу аясында Медеу ауданында 20 аула мен Кіші Алматы өзенінің жағалауы абаттандырылды. Кіші Алматы өзені бойымен Тереңқұрдағы су айдынының жоғарғы бөлігін мемлекет меншігіне қайтару жұмыстары жүргізілуде. Бұған қоса, биыл Оқушылар сарайы мен Қазақстан Республикасы Мемлекеттік музейінің жанындағы 2 скверді жаңарту жұмыстары аяқталады.

2023 жылдың 3-тоқсанында тұрғындардың өтініштері бойынша "Көк Төбе" саябағында жаяу жүргіншілерге арналған денсаулық жолы салынады. Келесі жылы "Журналистер" алаңын жаңарту жұмыстарын бастау жоспарланған. Ибрагимов көшесіндегі скверде скейт-парк жасау жоспарға енгізілді.
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу