Ол ұлттық қауіпсіздікке және телехабарлардың үздіксіз таралуына керек маңызды нысандардың тауда, жетуі қиын жерлерде тұрғанын айтты. Сондықтан, оларға баратын жолдарды тез арада жөндеп, үлкен жұмыстар жүргізу керек екенін атап өтті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Сенатор Алматыдағы қаланың белгісі әрі еліміздің негізгі байланыс орталығы саналатын Көк-Төбе телемұнарасының жағдайына назар аударды. Бұл ғимарат шамамен елу жыл бұрын салынған және оған күрделі жөндеу, лифтілерді жаңарту, жер сілкінісіне төзімділігін арттыру және оған жету жолын жақсарту қажет.
"Телемұнараның бірқатар инженерлік және техникалық, сейсмикалық, экологиялық мәселелері мен бірге табиғи қауіптер де бар. Осыған байланысты телемұнараға қосалқы жол салуды, техникалық тексеру және сейсмикалық күшейту жұмыстарын жүргізу керек", - деді сенатор.
Ғалиасқар Сарыбаевтың сөзінше, аталған нысандар үздіксіз байланысты, ұялы операторлардың жұмысын, халықты хабардар ету жүйесін және телеарналардың таратылуын қамтамасыз ету үшін стратегиялық маңызға ие. Ол Үкіметті уәкілетті органдарға "Үлкен Шаған" станциясына баратын жолдың заңды мәртебесін анықтауды, толық тізімін жасауды, оны жергілікті маңызы бар жолдар тізіміне енгізуді және күрделі жөндеу мәселесін қарастыруды, сондай-ақ Көк-Төбе телемұнарасын қайта жаңартуды тапсыруға шақырды.