Көк-Төбеде аттракционнан бала құлау фактісіне байланысты қылмыстық іс қозғалды

1528

Қауіпсіздік белбеуінен ажырап кетіп жерге құлаған жасөспірімнің қолы мен аяғы сынған.

Көк-Төбеде аттракционнан бала құлау фактісіне байланысты қылмыстық іс қозғалды

"Сот алды амалдары барысында 02.01.2020 жылы туған Ф. есімді азамат Көк-Төбе аумағында  "Катапульта" аттракционынан секіру кезінде қауіпсіздік белбеуінен ажырап, жерге құлаған. Нәтижесінде қолы мен аяғы сынған",– деп хабарлады ПД баспасөз қызметі. 

Ал жапа шеккен оқушының жақындары ешкімге кінә артып отырған жоқ. Тергеу амалдары барысында олар баласының абайсызда құлап кеткенін айтқан. 

"Жапа шеккен тараптың осындай куәлігіне қарамастан Медеу ауданының полиция басқармасы Қылмыстық кодекстің 306 бабы, яғни, "Қауіпсіздік талаптарына сәйкес келмейтін тауарларды шығару, сату немесе қызмет көрсету" бойынша сот алды тергеу амалдарын бастады",– деп хабарлады ПД баспасөз қызметі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу