Көк-Төбедегі аттракционнан 13 жасар бала құлады

1636

Полиция мәліметіне сәйкес, бала абайсызда құлап кеткен, ата-анасы ешкімге кінә артып отырған жоқ.  

Көк-Төбедегі аттракционнан 13 жасар бала құлады

Көк Төбедегі аттракциондардың бірінен жасөспірім құлап, жарақат алды, деп хабарлайды Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Алматы полициясы баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиға 2 қаңтарда болған. 13 жастағы жасөспірім батуттан құлап кеткен.

"Ол құлап, аяғын сындырып, басымен соғылды. Зардап шеккен адам ауруханаға жатқызылды", – деп хабарлады ПД баспасөз қызметіндегілер.

Алматы денсаулық сақтау басқармасы өкілдері жасөспірімді Алматыдағы Балалар шұғыл медициналық көмек орталығына жедел жәрдем жеткізгенін мәлімдеді.

"Дәрігерлер қарады. Ол барлық қажетті медициналық көмекті толық көлемде алып жатыр. Баланың жағдайы тұрақты", – дейді дәрігерлер.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу