Көкарал дамбасы стратегиялық мəнге ие – Мағзұм Мырзағалиев

661

Солтүстік Аралдағы жағдайдың жақсаруына Көкарал дамбасының салынуы əсер еткен.

Көкарал дамбасы стратегиялық мəнге ие – Мағзұм Мырзағалиев

Қазақстанның Экология, геология жəне табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев өзінің Қазақстанның оңтүстік өңірлеріне жұмыс сапары кезінде Қызылорда облысына барып, өңір басшысы Гүлшара Əбдіхалықовамен бірге Кіші Аралдағы дамбаны тексеріп шықты. Бұл туралы министр өзінің Twitter-дегі парақшасында хабарлады.

"Еліміздің оңтүстігінде жұмыс сапарымен жүрмін. Қызылорда облысының əкімі Г.Н. Əбдіхалықовамен бірге Кіші Аралға бардым. Солтүстік Аралдағы жағдайдың жақсаруына Көкарал дамбасының салынуы үлкен əсер еткен. Бүгінде ондағы су көлемі 27 км3-ке жетті. Өңірдегі экология жақсарып, балық шаруашылығы дамуда. Балықтың 20-дан астам түрі бар", – деп жазды министр.

Ол дамба стратегиялық мəнге ие болғандықтан оның жағдайын ұдайы бақылауда ұстау қажет екенін айтады.

"Бұл мақсатта оны күшейту жұмыстары жоспарлануда. Жобаның жобалық-сметалық құжаттамасы жасалып жатыр. Жақын келешекте жоба іске асырылып, оны салу кезінде жұмыс орындарын құруға мүмкіндік туады", – деп атап өтті ол.
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу