Көккүмбет қорымын қалпына келтіруге 30 млн теңге жұмсалмақ

364

Маңғыстау облыстық мемлекеттік тарихи-мәдени қорығы Көккүмбет кесенесінің қорымында ғылыми-реставрациялау жұмыстарын жүргізумен айналысатын мердігерді анықтауға конкурс өткізеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Көккүмбет қорымын қалпына келтіруге 30 млн теңге жұмсалмақ Фото: А. Нұрмағамбет

Осы мақсаттарға бюджеттен 30 млн теңгеден астам қаражат бөлуге дайын.

Лот Мемлекеттік сатып алу сайтында орналастырылған. Жарияланған мәліметтерге сәйкес, жоба туризмнің маңызды объектісі ретіндегі құндылығын ескере отырып, қазіргі жағдайда кесенені толық пайдалануды қалпына келтіруге, оның техникалық жай-күйі мен бастапқы келбетін сақтау бойынша іс-шаралар жүргізуге, объектілерді кешенді қалпына келтіруді ұсынады. Бюджеттен жұмыстарды жүргізуге 30 048 464 теңге бағыттау жоспарлануда. Оны іске асыру биылғы жылға жоспарланған.

"Әлеуетті өнім беруші ғылыми-жобалық құжаттамаға сәйкес тарих және мәдениет ескерткішінің тарихи, сәулеттік-көркемдік келбетін сақтау мен ашуды қамтамасыз ете отырып, ескерткіште ғылыми - реставрациялау жұмыстарын жүзеге асыруы тиіс", - делінген құжаттамада.

Мердігерлік ұйымды анықтауға өтінімдерді қабылдау 3 наурыздан баста, 2024 жылғы 29 наурызға дейін жалғасады.

Айта кетейік,Көккүмбет кесенесі жергілікті тұрғындар арасында "Қаратам" деген атпен де белгілі. Жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіші болып табылады, X-XII ғасырларға жатады. Маңғыстау облысының Тұщықұдық ауылынан 7 шақырым және Шебір ауылынан 9 шақырым жерде орналасқан.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу