Көкнәр тұқымын сатқаны үшін көкшетаулық әйел 10 жылға сотталды

896

Ақмола облысында 50 кг астам көкнәр тұқымын сату кезінде қолға түскен көкшетаулық әйел 10 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Көкнәр тұқымын сатқаны үшін көкшетаулық әйел 10 жылға сотталды Фото: canva.com

ҚР ҰҚК-нің Ақмола облысы бойынша департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, сотталушы әйел Е.М.Дюкова 2023 жылдың 7 сәуірде ҚР ҰҚК Ақмола облысы бойынша департаментінің қызметкерлері жүргізген жедел-іздестіру іс-шарасы барысында көкнәр тұқымын сату кезінде қолға түсті.

Оған тиесілі азық-түлік дүкенін тінту барысында жалпы салмағы 1 150 кг болатын 46 қап және жалпы салмағы 27,5 кг болатын 55 полимерлік пакеттерге салынған көкнәр тұқымы тәркіленді.

"Апиынның" жалпы салмағы 8,3 кг, ал "көкнәр сабанының" салмағы 38 кг-нан асады, бұл есірткі затының өте үлкен мөлшері.

Сотқа дейінгі тергеу барысында Е.М. Дюкова 2019 жылдан бастап көкнәр тұқымын заңсыз сатып алуды, оларды тасымалдауды, сақтауды және есірткіге тәуелді адамдарға өткізуді жүзеге асырғаны анықталды.

"Жақында соттың шешімімен Е.М.Дюкова ҚР ҚК 297-бабының 3-бөлігі 3-бөлімшесі бойынша қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танылды (өткізу мақсатында аса ірі мөлшерде есірткі затын заңсыз сатып алу, тасымалдау, сақтау) және 10 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды", - деді ведомстводан.

Сот үкімі заңды күшіне енді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу