Көкөніс бағасы жаздың бел ортасы болса да арзандаудың орнына керісінше қымбаттап жатыр. Баға әсіресе халық ең көп тұтынатын тауарларда өсім көрсеткен. Мәселен, пияз бағасы бір айда 7 пайызға өсіп, бөлшек саудада 154 теңгеге жетсе, сәбіз құны 16 пайызға артып, 141 теңгеден сатылуда. Дегенмен, құны төмендей бастаған көкөністерде жоқ емес. Атап айтсақ, сарымсақ 11пайызға, орамжапырақ – 13, картоп 17, қызанақ пен қияр шамамен 20 пайызға арзандаған.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу