Көкөніс дақылдарының егіс алаңдары 10,5 мың гектарға ұлғайды

Жалпы көкөніс дақылдары мен картоптың жалпы өнімі ішкі нарықтың қажеттіліктерін толық қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. 

Көкөніс дақылдарының егіс алаңдары 10,5 мың гектарға ұлғайды Фото: Уикипедия

Бұл туралы Мәжіліс қабырғасында өткен Үкімет сағатында Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Соңғы 3 жылда көкөніс дақылдарының егіс алаңдары 10,5 мың гектарға ұлғайды, олар 2022 жылдың қорытындысы бойынша 169,7 мың гектарды (2019 ж. – 159,2 мың га) құрады, оның ішінде сәбіз алқабы 1,0 мың гектарға (2019 ж. – 20,6 мың га), қияр алаңы 2,1 мың гектарға (2019 - 21,0 мың га), пияз 4,5 мың гектарға (2019 ж. – 32,7 мың га) ұлғайды", – деді министр.

Көрсетілген кезеңде көкөніс дақылдарының орташа өнімділігі артты. Мәселен егер 2019 жылы ол 260,5 ц/га болса, 2022 жылы ол 271,4 ц/га болды.

Өз кезегінде көкөніс дақылдарының жалпы өнімі 653 мың тоннаға ұлғайып, 2022 жылдың қорытындысы бойынша 4,8 млн. тоннаны құрады, оның ішінде әлеуметтік маңызы бар дақылдардың жалпы түсімі ұлғайды, пияз 187,8 мың тоннаға (1 114,0 мың тонна), сәбіз түсімі 17,2 мың тонна (621,4 мың тонна), қияр 74,1 мың тонна (568,7 мың тонна), қызанақ 10,7 мың тонна (801,2 мың тонна) болды.

"Картоп өндіру бойынша да осындай жағдай. Соңғы үш жылда егіс алаңдары 7,6 мың гектарға ұлғайтылды және 2022 жылдың қорытындысы бойынша 198,9 мың гектарды құрады, өнімділік 203,4 ц/га-дан 205,3 ц/га-ға дейін ұлғайды, жалпы алым 168,4 мың тоннаға ұлғайып, 4,1 млн.тоннаны құрады", – деді министр.

Ведомство басшысының айтуынша, 2023 жылы облыстар әкімдіктерінің деректері бойынша көкөніс дақылдары 173,5 мың гектарға, картоп 197,6 мың гектарға егілді.

"Жалпы көкөніс дақылдары мен картоптың жалпы өнімі ішкі нарықтың қажеттіліктерін толық қамтамасыз етуге мүмкіндік береді", – деп жақсы жаңалығымен бөлісті Ербол Қарашөкеев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу