Көкөніс қымбаттай бастады

928

Көкөніс қымбаттай бастады

Бидай экспортталғанымен, биыл көкөністің тағы да сырттан жетікізілетін түрі бар. Әрі маусымдық жағдайға қарамастан, бағаның да әзірден еселенуі байқалып отыр. Ірі сауда желілерінде зерттеу жасаған сарапшылар тіпті картоп құны қыс ортасында 300 теңге дейін баруы мүмкін екенін болжайды. Оған биыл диқандардың жанармайға, автобөлшектерге және тыңайтқыштарға айтарлықтай шығынды арттыруы басты себеп көрінеді.

Әдетте көтерме бағасы 35 теңге тұратын картоп, қазір базарда 55 теңгеден саудаланып жатыр. Күздің аяғына қарай бүкіл өнім жиналып, қоймаға түскеннен кейін көкөністің бірқатары қымбаттайтыны анық. Қазір пияз бағасы 17%-ға көтерілсе, сәбіз 15, қырыққабат 7,5, ал қызанақ 7 пайызға өскен. Бағасы шарықтайды деп күтіліп отырған өнімнің тағы бірі – қияр. Қыста оның құны келісіне 1000 теңгеге дейін баруы мүмкін.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу