Көкөніс қымбаттап, қант арзандады

681

Көкөніс қымбаттап, қант арзандады

Азық-түлік бағасы тағы қымбаттады. Статистика комитетінің соңғы санағы осыған көз жеткізіп отыр. Әсіресе, базарларда көкөніс құны күрт шарықтаған.

Есепке жүгінсек, қаңтар-наурыз айында картоп – 32%, пияз – 38%, сәбіз – 14,4%, қызылша – 14,8% өскен. Қымбаттаған тауар қатарында 8,2%-бен сиыр еті, 9,1%-бен қой еті және 3,4%-бен сұйық май да бар. Есесіне, қант – 5,5%, жұмыртқа – 9,7% және макарон өнімдері – 3,4% арзандапты.

Жалпы жыл басынан бері ішіп-жем тауарлары – 3,2%, тұрмыстық тауарлар – 1,7% өскені анықталған. Ұлттық банк дерегіне сүйенсек, 2017 жылдың қаңтар-наурызында инфляция – 2,3% болған.

Автор: Құралай Пионер.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу