Көкөністердің бағасы бір айда 5,7%-ға түсті

571

Ал жемістердің құны, керісінше, 6,1%-ға қымбаттады. 

Көкөністердің бағасы бір айда 5,7%-ға түсті

Мамыр айының қорытындысы бойынша, көкөніс пен жемістер бағасының бір айдағы өсімі 1,5%, бір жылдағы өсімі 10,1% болды. Бұл туралы Ranking.kz басылымы хабарлады. Картоп өткен айда 7,9%-ға, жыл басынан бері 45,8%-ға қымбаттаған. Жемістердің бағасы мамырда 6,1%-ға, қаңтардан бері 26,4%-ға көтерілді.

Соңғы айда бақша өнімдері қымбаттай түскен өңірлер: Шымкент (+4,6), Маңғыстау облысы (+4%), Атырау облысы (+3,7%). Ал бағалар төмендегендер: Қарағанды облысы (-3,4%), Нұр-Сұлтан (-0,6%), Павлодар облысы (-0,2%) мен Батыс Қазақстан облысы (-0,1%). 

Мамырда пияз бағасы 13,3%-ға, сәбіз 11,8%-ға, алма 8,9%-ға өсті. Ал орамжапырақ 34,6%-ға, қызанақ 14,6%-ға, қияр 12,9%-ға, лимон 0,6%-ға арзандады.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу