Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің аға ғылыми қызметкері Ақбота Қуандықова көкөністердің өнімділігін арттыратын жаңа препаратты синтездеді, деп жазады inbusiness.kz.
Ғылым министрлігі хабарлауынша, препарат жаңа фосфорлы органикалық қосылыстар негізінде алынды. Ақбота Қуандықованың айтуынша, бұл ауыл шаруашылығы өнімдерін, дәлірек айтқанда, көкөністерді өндіру көлемін ұлғайтуға мүмкіндік береді.
Жас ғалым синтезді микротолқынды сәулелерді қолдану арқылы жасады. Препарат далалық және зертханалық жағдайларда сынақтан өтті.
Препаратты ойлап таппас бұрын, жас ғалым жүзден астам сынақты үздіксіз жүргізді.
Жас ғалымның талпынысы мен химия ғылымдарының докторы, профессор Болат Жиембаевтың басшылығының арқасында ол осындай жетістікке қол жеткізілді.