Көкпар мен аударыспақтан ХХІ ел чемпионаты мәресіне жетті

885

Жамбыл облысында 10 күнге созылған сайыста әр өңірден келген шабандоздар ат үстіне өз ептіліктерін көрсетті. 

Көкпар мен аударыспақтан ХХІ ел чемпионаты мәресіне жетті

Дүбірлі додаға Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары мен 14 өңірден 300-ге жуық көкпаршы қатысты. Аударыспаққа қатысушылар 8 салмақ дәрежесі бойынша сынға түсті. Көкпаршылар жекелей және командалық есепте 3 орынға таласты, деп жазады ҚазАқпарат

Жамбыл ауданы, Бектөбе ауылында орналасқан "Атшабарда" өткен сайысты тамашалауға келген жанкүйерлер қызықты сәттердің куәсі болды. Жарыс қорытындысы бойынша Алматы облысы Бірінші лиганың жеңімпаздары атанып, Жоғарғы лигада өнер көрсету құқығына ие болса, екінші орын маңғыстаулықтарға бұйырды.

Ал қола жүлде Шымкенттік құрамасының еншісінде қалды. Жоғары лиганың ойындары нәтижесінде Жамбыл облысы құрамасы үздік атанды. Күміс медальды түркістандықтар иеленсе, үздік үштікті Атыраулық команда түйіндеді. Аударыспақ сайысынан әр салмақ бойынша үздіктер анықталып, жеңіс тұғырына көтерілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу