Елордада көкпардан әлем чемпионаты басталды, деп хабарлайды 24.kz.
Дүбірлі дода Астанадағы халықаралық ЕХРО көрмесінің аясында өтіп жатыр. Жарысқа әлемнің 11 мемлекетінен 200-ге жуық спортшы келді. "А" тобында Қырғызстан, Түркия, АҚШ, Өзбекстан, Моңғолия мен Тәжікстан өнер көрсетсе, отандастарымыз "В" тобында Әзербайжан, Ресей, Венгрия, Қытай және Ауғанстан құрамаларымен тайталасады. Алғашқы жарыс күнінің нәтижесі бойынша Тәжікстан көкпаршылары Өзбекстанды 3:0 есебімен жеңді. Ал түркиялық қандастар АҚШ-ты 7:1 есебімен тас-талқан ұтты. Қазақстан құрамасының жігіттері Ауғанстан шабандоздарынан айқын басым түсті. Есеп – 9:2. Ал байрақты бәсекенің жүлде қоры – 18 млн теңге.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу