Алматыда ұлттық спорттан Жастар арасындағы І Азия чемпионатының алғашқы жеребесі тартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
ҚР Ұлттық спорт қауымдыстығының баспасөз қызметі мәлім еткендей, Алматыда жарыс алдындағы мандат комиссиясы отырысының шешімімен алғашқы ретте көкпар командалары арасындағы кездесулер бойынша жеребе тартылып, қарсылас командалар анықталды.
Чемпионат 16-21 сәуірде Алматы қаласының іргесіндегі ипподромда өтеді.
Көкпар, аударыспақ, теңге ілу және жамбы ату спортынан 8 мемлекеттен келген командалар алғаш рет ұйымдастырылған Азия чемпионатының жүлделерін сарапқа салады.