Бүгін Қырғызстанда өтіп жатқан дүниежүзілік көшпенділер ойындарында ҚР көкпардан ұлттық құрамасы алғашқы ойынын Ресей Федерациясының Красноярск өлкесінен келген командамен өткізіп, жеңді, деп хабарлайды спорт және дене шынықтыру істері комитетінің баспасөз қызметі.
Үш кезеңге созылған ойында Ұлттық құрама қарсыластарынан басым екендіктерін байқатып, кездесуді 15-3 есебімен біздің пайдаға шешті. Команда капитаны Тұрғанбек Құрманбек қазандыққа 10 салым салып, кездесудің үздік ойыншысы атанды.
Екінші ойынды отандық спортшылар бүгін Америка Құрама штаттарының командасымен өткізеді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу