ШҚО Көкпекті ауданында Қалихан Алтынбаевтың 90 жылдық тойына орай республикалық айтыс басталды, деп хабарлайды altaynews.kz.
Айтыс басталмас бұрын мерейтой иесінің тағылымды өмірі мен тартымды шығармаларынан сыр шертетін зал ашылды. Сондай-ақ аудандық мәдениет үйінің алдына ақынның мүсіні орнатылды.
Айтыс тізгінін ақын Жүрсін Ерман ұстап отыр. Айтыс аламанында Ринат Зайытов, Рүстем Қайыртайұлы, Аспанбек Шұғатаев, Оңғар Қабденов бастаған еліміздің әр түкпірінен он ақын қатысуда.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу