ШҚО-да түтіні аз төрт ауыл заңды түрде жойылады

872

ШҚО-да түтіні аз төрт ауыл заңды түрде жойылады

ШҚО Көкпекті ауданында төрт ауыл заңды түрде жойылады. Атап айтқанда - Өрнек, Каменка, Қызыл жұлдыз және Қарғалы ауылдары. Себебі аталған ауылдардағы тұрғындар саны 50-ден аз, деп хабарлайды altaynews.kz.
"Бұл ауылдың тұрғындары ешқайда да көшірілмейді. Қыста ол жақтарға жол ашу жұмыстары жүргізіледі.  Иеліктегі жерлер өз қожайындарында қалады. Төрт ауыл заңды түрде жабылғанымен, аудандағы негізгі елдімекендер құрамына енетін болады", - деді аудан әкімі Рамиль Сағандықов.
Айта кету керек, қар қалың түсетін Көкпекті ауданында  осы қыста қардан аршу жұмыстарымен "ДСУ-14" және "Көпекті жолдары"  компаниялары айналысатын болады.  Бұл тұрғыда осы жылдың соңына дейін  жергілікті бюджетте 20 миллион теңге қаражат қарастырылған. Келесі жылы бұл мақсатқа 90 млн теңге жоспарланып отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу