Көкпекті жұрты Азиаданың күміс жүлдегеріне ат мінгізді

1967

Жерлестері, осылайша, Азия ойындарының күміс жүлдегері Данияр Қайсановқа құрмет көрсетті. 

Көкпекті жұрты Азиаданың күміс жүлдегеріне ат мінгізді

Индонезияның Джакарта қаласында өтіп жатқан жазғы Азия ойындарының күміс жүлдегері Данияр Қайсановқа туған жері – Көкпекті ауданында құрмет көрсетілді, деп хабарлайды kaz.altaynews.kz.

Көкпекті – Самар тас жолының Үлкенбөкен ауылына кіреберісте аудан әкімінің орынбасары Дәурен Қойгелдин, белгілі спорт демеушісі Болат Бекбердинов, атақты палуан Алтай Танабаевтар бастаған аудан жұршылығы автошерумен қошемет көрсетіп қарсы алды.

Аудан әкімі мен ауыл тұрғындары палуанның жаттықтырушысына, ата-анасына сый-сияпат көрсетсе, ауылымыздағы әйгілі меценат, ірі кәсіпкер Болат Бекбердинов жеңімпазға ата жолымен ат мінгізді.

Көкжайық ауылында туып-өскен еркін күрес шеберінің алғашқы бапкері өзінің әкесі Әлібек Нукенов болса, Семей қаласындағы қазіргі жаттықтырушысы – Мейірбек Байжанов. Сонымен бірге, ағалық қамқорлық танытып, үлкен жарыстарға дайындық барасында кеңесін беріп отыратын Қазақстанның еңбек сіңіңрген жаттықтырушысы Алтай Танабаевтың еңбегі зор.

Азияда жүлдегері спорт мектебінің жас палуандарына мастер класс өткізді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу