Балқаш көлінде көксерке мен ақ-табанның саны артты деп мәлімдеді балық шаруашылығы институтының мамандары. Олардың сөзінше, бұған су деңгейінің қалыпты жағдайда болуы бірден бір себеп болған.
Алайда неге екені белгісіз, Балқашта осыдн 10 жыл бұрын пайда болған жылан балық азайып кеткен.
Көлдегі балық санын сақтау үшін биыл тек 7 мың балық аулауға рұқсат берілген.
"Біз 7 мың балық аулауға ғана рұқсат бергенмен, броконьерлер одан да көп ұстауы мүмкін. Өкінішке қарай,олардың барлығын анықтау мүмкін болмай тұр. Оның үстіне табиғатты пайдаланушылар да жалған есеп беретінін жасырмаймыз. Соның кесірінен бағалы балықтар азайып кетеді", - деді қазақ балық шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты филиалының директоры Вячеслав Цой.