Ведомствоның мәліметінше, жол апаты бүгін сағат 13:59-да болды. Бұл туралы сағат 14:10 Атбасар аудандық полицияның кезекшілік бөліміне хабар түсті.
"Оқиға орнына жеткен тәртіп сақшылары "Ваз2110", "ГАЗель" және "Фольксваген Гольф" көліктерінің соғылғанын анықтады. Соқыдан "ГАЗель" көлігінің газбаллон құрылғысы жарылды. Жол-көлік оқиғасынан "Фольксваген Гольф" көлігінің жүргізушісі мен екі жолаушысы оқиға орнында көз жұмды. Бұдан бөлек, "ГАЗель" көлігінің жолаушысы түрлі дене жарақатымен Атбасар аудандық ауруханасына жеткізілді", - деді ведомстводан.
Қазіргі кезде, осы оқиғаға байланысты Қылмыстық кодекстің 345 бабының 4 бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.