Көкшетау автобустары да автоматты төлем жүйесіне өтеді

1126

Қоғамдық көлікте жеңілдікпен немесе тегін жүретін азаматтар үшін бөлек арнайы карта жасалады.

Көкшетау автобустары да автоматты төлем жүйесіне өтеді

Көкшетауда алдағы жылдары қоғамдық көліктерге автоматты төлем жүйесі орнатылады. Яғни, халық қазіргідей жол ақысын кондукторға емес, терминалға төлейтін болады, деп хабарлайды 24.kz.

Бұл жаңашылдықты кейбір автобус парктері биыл жыл соңында бастамақшы. Бірақ әзірге терминал кондуктордың қолында болады. Ал кейіннен автобустың ішіне орнатылмақ.

"Картамен төлеу деген жолаушылардың өз ырқына берілетін нәрсе. Яғни, сіздің жолақысын төлеген немесе төлемегеніңізді қадағалап отыру қиынға соғады. Сол себепті, алғашқы кезде төлем кондукторлардың көмегімен жүзеге асады. Ал, келешекте олар қысқартылады", - дейді диспетчер Марина Ливанская.

Жаңа электронды төлем жүйесін толықтай енгізу үшін кемінде 150 млн теңге қаражат қажет екен. Сондықтан бұл жұмыс біртіндеп жүзеге асырылады. Тұрғындар үшін тағы бір жаңалық, алдағы жылдары қалада жүрген автобустардың жартысына жуығы жаңартылмақ. Олар жаңа қондырғымен жабдықталған, үнемді әрі қоршаған ортаға зиянсыз газбен жүретін көліктер болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу