Бүгiн өңiр басшысы Ермек Маржықпаев Көкшетау қаласының активiне жаңа әкiмдi таныстырды, деп хабарлайды әкімнің баспасөз қызметі.
"Қазақстан Республикасы Президентi Әкiмшiлiгiнiң және қалалық мәслихаттың келiсiмдерi бойынша Ақмола облысы әкiмiнiң биылғы жылғы 3 сәуiрдегi өкiмiмен Амангелдi Халауденұлы Смайылов қала әкiмi болып тағайындалды", – делінген хабарламада.
Амангелдi Халауденұлы, 1962 жылы туған, Еңбек Қызыл Ту ордендi Сiбiр автомобиль жолы институтын инженер-құрылысшы мамандығы бойынша бiтiрген.
Еңбек жолын 1988 жылы Омбы облысының Станический кеңшарында құрылыс цехының шеберi болып бастаған.
1993-2011 жылдары кәсiпкерлiк қызметпен айналысты, "Реал НГП" ЖШС директоры, "СК Ауыл Газ" ЖШС директоры қызметтерiн атқарды.
2011-2014 жылдары Көкшетау қаласы "ENKI" ЖШС директоры болып iстедi.
2014-2015 жылдары Көкшетау қаласы әкiмiнiң орынбасары лауазымын атқарды. 2015-2017 жылдары Ақмола облысы құрылыс басқармасының басшысы болып iстедi.
2018 жылдың қарашасынан берi – Көкшетау қаласы әкiмiнiң орынбасары.