Көкшетау қаласында 2 млрд теңгеден астам сомаға заңсыз шарт жасалған

325

Заңбұзушылықты қала прокуратурасы анықтады. 

Көкшетау қаласында 2 млрд теңгеден астам сомаға заңсыз шарт жасалған Фото: Inbusiness.kz

Көкшетау қаласының прокуратурасы мемлекеттік сатып алу саласындағы заңдылықтың сақталуына талдау жүргізу барысында қала әкімдігі заңнама талаптарын бұза отырып, конкурс өткізбей, бір көзден құны 2,5 млрд.теңге болатын көппәтерлі тұрғын үйді салуға шарт жасағаны анықталды, деп жазады inbusiness.kz сайты Бас прокуратураға сілтеме жасап. 

Прокуратура актісі негізінде 13.02.2024 ж. сот шартты жарамсыз деп таныды, қаражат басқа да әлеуметтік бағдарламаларды жүзеге асыруға бағытталып, кінәлі тұлғалар заңда белгіленген жауапкершілікке тартылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу