Көкшетау қаласында 40-тан астам үй жылусыз қалды

339

Бұл туралы Көкшетау қаласының әкімдігі хабарлайды. 

Көкшетау қаласында 40-тан астам үй жылусыз қалды Фото: freepik

Көкшетаудағы "Капитал" тұрғын үй кешенінің маңында диаметрі 700 мм болатын жылу құбыры жарылып, 40-тан астам үй жылусыз қалды, деп жазады inbusiness.kz сайты Көкшетау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

10 желтоқсан күні сағат 19.00 шамасында Көкшетауда Сәбатаев пен Сағдиев көшелерінің қиылысындағы жылу трассасында апат болды. Осы уақытта Сәбатаев көшесі, №82 тұрғын үй аумағындағы 700 мм диаметрлі №1 жылу трассасындағы ақау анықталды.

"Сағат 19.00-ден бастап төтенше жағдайды жою жұмыстары басталып, ақаудың орны табылды. 40-қа жуық нысанды жылумен қамтамасыз ету шектелген. Олар көпқабатты үйлер мен жеке тұрғын үйлер", - деп түсіндірді Көкшетау қаласы әкімінің орынбасары Дәулет Жүнісов.

Айта кетсек, 13 көппәтерлі тұрғын үй, 24 жеке тұрғын үй және бес ғимарат жылусыз қалған.

Сонымен қатар, апатты жоюға "Көкшетау жылу" МКК құтқарушылары мен қызметкерлері жұмылдырылды.

Әкім орынбасарының айтуы бойынша, жөндеу жұмыстары аяқталғаннан кейін учаскенің гидравликалық және температуралық жағдайы қалпына келтіріледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу