Көкшетау қаласында заңсыз пиротехника сатқандар анықталды

498

Арнайы ұйымдастырылған рейд барысында жергілікті төтенше жағдайлар департаментінің мамандары мен полиция қызметкерлері сатушылардың сертификаттарын тексерді.  

Көкшетау қаласында заңсыз пиротехника сатқандар анықталды Фото: inform.kz

Нәтижесінде саудаланған бұйымдардың тең жартысының лицензиясы болмай шықты, деп жазады inbusiness.kz.

Сәйкесінше, 4 сатушыға хаттама толтырылып, өнімдері тәркіленді. 114 мың теңгеге айыппұл салынды. Тиісті сала мамандары өңір тұрғындарын қауіпсіздік шараларын, қатаң сақтауға шақырды.

"Жыл сайын өңірде перотехникалық бұйымдардың салдарынан өрт дерегі тіркеледі. Оның арты қайғылы жағдайға әкелуі әбден мүмкін. Зардабы сізге тимесе да қоршаған ортаға тиеді. Сол себепті әр сатушының қажетті құжаты болуы шарт. Біз рейд барысында осы құжаттарды мұқият тексеріп жатырмыз. Түсіндіру жұмыстарын жүргіздік. Егер заң талаптары орындалмаса онда сатушылар міндетті түрде әкімшілік жауапкершілікке тартылады", - облыстық төтенше жағдайлар департаменті басқарма басшысының орынбасары Манат Бегалин.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу