Көкшетау көшелерін су басты

556

Ондағы басты себеп, су құбырының жарылуы. 

Көкшетау көшелерін су басты Фото: google

Көкшетауда Ақан сері көшесіндегі магистральды су құбыры жарылып, бірнеше көшені су басты, деп жазады inbusiness.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

"Көкшетау су арнасы" коммуналдық кәсіпорны мамандарының мәліметінше, апатты жоюға тиісті мамандар тартылды. Сонымен бірге апат болған көшенің осы учаскесінде жол қозғалысы шектелді.

"Тұрғындарға құбыр арқылы су жеткізуде проблемалар туындады. Бірақ су беру толық тоқтаған жоқ. Тек судың қысымы сәл төмендеді. Қазіргі уақытта жөндеу жұмыстары жүргізілуде", - деді Көкшетау қаласы әкімдігінің баспасөз хатшысы Жанна Әбдірахманова.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу