“Көкшетау – Қызылорда” бағытындағы пойызда жолаушы әйел көз жұмды

623

Қазіргі уақытта пойызда мәйітті тасымалдау фактісі бойынша материал Жамбыл облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясына берілді. 

“Көкшетау – Қызылорда” бағытындағы пойызда жолаушы әйел көз жұмды Фото: baigenews.kz

14 қаңтарда Жамбыл облысының Сарышаған станциясына жақындағанда “Көкшетау – Қызылорда” бағытындағы жолаушылар пойызы вагондарының бірінде Астана қаласынан Шымкент қаласына дейін күйеуімен бірге жолға шыққан 54 жастағы азаматша кенеттен қайтыс болды, деп жазады inbusiness.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Сол күні Шу станциясындағы желілік полиция бөлімінде қылмыстық сипаттағы өлім белгілері жоқ мәйіттің табылғаны бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Тексеру барысында әйелдің 2019 жылдан бастап Астана қаласы ауруханаларының бірінде созылмалы аурумен есепте тұрғаны анықталды. Пойыз жолсеріктерінің келісімімен, күйеуі әйелінің мәйітін оралған күйінде пойыздың жұмыс істемейтін тамбуры арқылы Шымкент станциясына дейін тасымалдап, жеткізген. Ер адам сот-медициналық сараптамадан үзілді-кесілді бас тартты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу